Қоғам

Жәрмеңкеге барасыз ба? «Қазанатқа» дейін үш автобус қатынайды

Астанада демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне бару үшін тұрғындарға қосымша ыңғайлы жағдай жасалды. 19 қыркүйектен бастап №18, 37 және 303 автобустары «Қазанат» ипподромына дейін қатынайды.

Бұл жерде 19 қыркүйек пен 25 қазан аралығында әр демалыс сайын еліміздің әр өңірінен шаруалар өз өнімдерін елордаға әкеліп, тікелей тұрғындарға ұсынады. Жәрмеңкеге Қазақстанның 13 облысының тауар өндірушілері қатысады.

Алғашқы жәрмеңке 19-20 қыркүйек күндері өтеді. Бұл жолы Қызылорда мен Атырау облыстары елордаға 600 тоннадан астам өнім жеткізеді. Оның ішінде 260 тонна бақша өнімі, 220 тонна күріш, 65 тонна балық, 40 тонна ет және ет өнімдері бар.

Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Қарқаралы тасжолы, 1.

Яғни демалыс күндері «Қазанатқа» базар аралап қана емес, өңірлердің өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға да баруға болады.

Related Articles

Back to top button